Ізге түсті Ізмұрат,
Ізмұратты біз бірақ,
Іздеп-іздеп таппадық,
Ізім-қайым қызық-ақ.



Ізденгіш - ізшең.
Ізшең - ісшең.
Ізшең - іскер.
Іскер - ісмер.



Іздеп ек бір-бір құр,
Қу екен құр құрғыр.
Таптырмай қырдан құр,
Қайттық біз құрдан-құр.



Ісіңе сен кеш кіріссең,
Тындырмайсың еш бір іс сен.



Іске тіл ілесе алады,
Тілге іс ілесе алмайды.



Ісшіл іссізбен келіспейді,
Істі іссізден тез істейді.
Іске іскер,
Істі іскер істер.



Абалақ-сабалағы шыққан иттерді абалатпасаңдаршы,
Абат бақты абалаған иттерге аралатпасаңшы.



Аббат абдырағыш па,
Абақ абдырағыш па?
Аббат абдырағыштау,
Абақ қодыраңдағыштау.



Абжыландай арбамасаңшы,
Абдырамай тал жинасаңшы.



Адам ата мен Хауа анадан
Абыл мен Қабыл туады.
Қабыл мен Абыл
Хауа ана мен Адам атадан туады.
Сонда Абыл Қабылдың ағасы ма?
Әлде, Қабыл Абылдың ағасы ма?
– Абыл – Қабылдың ағасы, – дейді Жаңыл да, Табыл да,
Оны өзің зерттеп, зерделеп қабылда!



Пәндер