Намысшылды нашар нақыш налытты,
Намыссызды найсаптығы найқалтты.



Намысшылды нашар нақыш налытты,
Намыссызды найсаптығы найқалтты.
Омартаға балалар барар,
Балаларды аралар талар.



Нау ма, дау ма?
Нау да – дау,
Дау да – нау.



Нақаш ағасы – нағашысы,
Нағаш – Нақаш нағашысының нағашысы.



Озған сәл алды,
Бәйгені шал алды.
Шал әлі әлді.



Ойбайлама, Орынбай,
«Ойбай» оғаш одағай.
Осы оғаш ойбайың,
Ойсыз олаң Ордадай.



Ол алқапты олар орар,
Бұл алқапты бұлар орар,
Орал ормаса, Омар орар.



Ол аралда да марал,
Бұл аралда да марал.
От екен маралға да арал,
Оттайтын аралда да марал.



Ол бір қыл шылбыр есті,
Бұл бір қыл шылбыр есті.
Ол да,
Бұл да
Қыл шылбырды тым сылбыр есті.



Ол бір ән айтты,
Мен бір ән аттым.
Мен бір ән айттым –
Домбырамен айттым,
Ол бір ән айтты —
Болбір бір ән айтты.



Пәндер