Тау басында тарымды жедім,
Жар басында жармамды жедім.
Сайға түскен соң
Сонан қалғанды жедім.



Таудан түсіп келеді тау ұлдары,
Тау ұлдары сүйеді қауымдарын.
Тау ұлдары сүйеді ауылдарын,
Тамашалап жүреді тауын, бағын.



Таудан тұман түсті,
Таудан Жұбан түсті.
Тұман түскен соң
Бір аң түсті,
Арқасы қылаң түсті.



Таяқ жон,
Жонсаң жөн жон.



Тақпақ жатта,
Жатқа жатта.



Тебiншек ат – шегiншек,
Шегiншек ат – тебiншек.



Тезек кесек-кесек тезек пе десек
Тезек – кесек кезек емес,
Майда тезек.



Телпек ұстаған
Шелпектің қасынан табылды.
Келтек ұстанған
Шелпектен қағылды.



Тері шалбар бар,
Тері шалбар киетін шалдар бар.



Тойболды тойға барады.
Тоқтарбай тоқталмай ол да барады.
Қойгелді жолда қалады.



Пәндер