Ұшпайды ұзақ ұзап,
Ұзаққа тұзақ тозақ
Болса да түсер өзi-ақ.



Ұшы үшкір, ұшқыр үш жебе алдым,
Үшеуі де үшкір, ұшқыр деп алдым.



Ұқыпты бала –
Кітапты түптеп тастады.
Ұқыпсыз бала
Кітапты бүктеп тастады,
Жұмысын басқаға жүктеп тастады.



Әбдіраман Әбдіреден алды роман.
- Ал оқы, - деп тыңдай қалды оған.



Әбдіреде әбігер әтеш отыр.
Әбігер әтеш отырған
Әбдірені әжем ашып жатыр.



Әбдестесі - қолында,
Әбестігі жоқ оның да.



Әбзел әбзелдессе, әзілдесіп әбзелдессе ғой.



Әдіпті әдемі әдіптейтін әдісшіл
Іскер ісмер кім, таныс, біл.



Әдейілеп әдемілеңкіренген әшекей әдемі.



Әдепкі әдемі әдепке әдеттенген,
Әдепті әділдікке әдеттенген.
Әдетте, әділдік те әдептіден.



Пәндер