Әсем әсерсізді де әсерлеп әсемдейді.



Әсен әсем билеймін деп әлек,
Қасен шешен сөйлеймін деп әлек,
Қашан Қасен шешен сөйлеп еді?
Қашан Әсен әсем билеп еді?
Әсем билегендерін де көргеміз жоқ,
Шешен сөйлегендерін де көргеміз жоқ.



Әтеш пен бөрте серкеш шекісті,
Әтешке көзін шұқытқан бөрте серкештің де,
Әкіреңдеген әтештің де беті істі.



Әтеш пен бөрте серкеш шекісті,
Әтешке көзін шұқытқан бөрте серкештің де,
Әкіреңдеген әтештің де беті істі.
Басшы асшыға: «Есiк ашшы», – десе,
Асшы басшыға: «Тұздығы да ащы», – дептi.



Әуесқойлыққа әуестенген
Әншінің әуені де әулекі.



Әукім-әукім, әукелім,
Әудем жерде өріс бар,
Әр түрлі шөбі көп тау керім.



Әупілдек әупірімдеп,
Әуес пе әлде көлде
Әупілдеуге «әуп, пірім» деп.



Әшекейсіз әшекей әшейін әсерсіз әшекей.



Өкшелеп қуып,
Көшкен ауылды.
Өкпем өшіп,
Өкшем ауырды.



Өнері оның алуан,
Өміртай – боксер, палуан.



Пәндер