Жұмбақтар: Әртүрлі жұмбақтар


Даусы бар, жаны жоқ,
Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын он бұра.
Ол не?....



Елқорғайтын ерліке
Әуенімен шақырған.
Батылдыққа, елдікке
Әуенімен шақырған.



Он екі бием бар еді, алтауы буаз,
Екеуі неғайбыл, екеуі тесік өкпе,
Екеуі күн қақты.



Борп-борп борпылдақ,
Борпылдақта қызыл тақ.
Қызыл тақта үш тармақ,
Үш тармақта шұқыршақ,
Шұқыршақта бал қаймақ,
Балқаймақта сұр жайдақ,
Сұр жайдақта сері бойдақ.



Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем



Сөйлесесің әркіммен,
Естілмейді дыбысың,
Білінбейді бір ісің.



Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен
Тек сөйлеуді білмейді.



Менен өзі аумайды,
Менен көзін алмайды.



Білмейді кет дегенді, адасқанды,
Жаныңа жақсы көрер жанасқанды.
Үнсіз-ақ ғайып болар табан асты,
Тоқымдай бұлт шалса қара аспанды.



Қорқа ма әлде, жарықтан ол қашады,
Әдеті бар паналайтын тасаны.



Пәндер