Жұмбақтар: Жер, табиғат құбылыстары


Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.



Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды,
Көкте бір зат асылды.



Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық.
Көрінбей кетіп қалыпты.



Шыққанда шығыны жоқ, Жауса жауын бүйірі тоқ, Қыста жылтыр қақ болар, Түртінектеп тынымы жоқ.



Сатайын десем ауыр кілем, Сатпайын десем тәуір кілем.



Өлшеусіз піштім, Жіпсіз тіктім.



Зер, зер кілем, зер кілем, Көтерейін десем зор кілем.



Үлкен, үлкен түйені Тастапты атам шөгеріп. Өркеші бұлтқа тиеді, Бауыры жатыр көгеріп.



Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым. Тау



Ақ жылан аяғы жоқ, көзі де жоқ, Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ. Тоқтамай қысы-жазы кезе берер, Үстінде бір жапырақ бөзі де жоқ.



Пәндер