Жұмбақтар: Құстар


Әуеде бiр ноқат
тапжылмай қалқып тұр,
Әдемi бiр ырғақ
аспаннан шалқып тұр.



Қалқып тұрып аспанда,
Үн шығарып сан қилы,
Өнерiне басқанда,
Тұла бойың балқиды.



Ұзақ тектес құс,
Шiркей жеп.
Ауыл маңынан
Ұзап кетпес құс.



Үп-үшкiр таяғы,
Жылан көзiн ояды.



Шуға бөлеп жағаны,
Қанаттарын қағады,
Айдын судың түлегi,
Шабақ iлiп жүредi.



Ағашта болса егер мең,
Хабар берiп морземен,
Тұмсығымен емдейдi,
Сосын көңiл демдейдi.



Тақылдатып,
Мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейдi,
Зиянкестi жазалап.



Қызықтырар әрi
Қарай берсең табылар,
Алуан түстi бояудың,
Өн бойында бәрi бар.



Жұдырықтай шұбар құс,
Мекенi қыр,
Жұпар дүз.
Дыбыс шықса тыпырлап,
Ұшады тез бытырап.



Қара жағал кiшкене,
Қанаты бар сүйрiктей.
Оған теңдес құс кәне?
Тапшы осындай жүйрiктi?



Пәндер