Жұмбақтар: Құстар


Бір топ қамыс ішінде Шақырады жанды гүл.



Бір топ жыңғыл ішінде, Бір жапырақ қызыл гүл.



Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап, Басына бөрік киер, құндыз ұстап. Үстіне ақ камзолын киіп алып, Жүреді екі қолын артына ұстап.



Бір мақұлық түспейді екен мұнарадан, Бір күнде тағам татар әр қарадан. Басында қара жылтыр кепесі бар, Белінде белбеуі бар күлпарадан.



Бір құс бар жан білмейтін ішкен асын, Адамға көрсетпейді жұмыртқасын.



Бар екен бір мақұлық шағын ғана, Мекені күндіз оның биік жарда. Ұшпайды ол мақұлық күндіз тіпті, Ұшады кешке таман күн батқанда.



Әкесі тышқан, Шешесі құстан.



Күндіз жоқ, Түнде бар.



Жар басында жарбиған, Құлақтары қалбиған. Тышқан, құс аңдып жүреді, Бұл құсты кім табады?



Күндіз ұшпас, Түнде ұшар, Құс қанатты, Тышқан суретті.



Пәндер