Жұмбақтар: Құстар


Бұдыр-бұдыр балшықты.
Жинады да талшықты,
Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа.



Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі.



Әуеде
Бір ноқат тапжылмай қалқып тұр,
Әдемі
Бір ырғақ аспаннан шалқып тұр.



Қалқып тұрып аспанда,
Үн шығарып сан қилы,
Өнеріне басқанда,
Тұла бойың балқиды.



Ұзақ тектес құс,
Шіркей жеп.
Ауыл маңынан
Ұзап кетпес құс.



Үп-үшкір таяғы,
Жылан көзін ояды.



Шуға бөлеп жағаны,
Қанаттарын қағады,
Айдын судың түлегі,
Шабақ іліп жүреді.



Ағашта болса егер мең,
Хабар беріп морземен,
Тұмсығымен емдейді,
Сосын көңіл демдейді.



Тақылдатып,
Мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейді,
Зиянкесті жазалап.



Қызықтырар әрі
Қарай берсең табылар,
Алуан түсті бояудың,
Өн бойында бәрі бар.



Пәндер