Жұмбақтар: Үйдің керек-жарақтары және жиһаздар


Сақалы жоқ , шашы бар,
Бет-аузы жоқ , басы бар.
Белін бекем байлаған,
Қоқсықты қоймай айдаған.



Бес жерінен буынған,
Еңбек десе жұмылған.



Үйде жездем жатыр,
Жез белбауын орап жатыр.



Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.



Бір нәрсе төртпақтасып ұйықтап жатыр,
Қарнына көрінгеннің бәрін жұтар.
Адамзат қажеттісін іздегенде,
Қаңқ етіп ала ғой деп аузын ашар.



Төрт бұрышты,
Бір ауызды.



Бір итім қабаған,
Аузына темір жамаған.



Бір нәрсе төрт аяқты, екі басты,
Көтеріп адамзатты көңіл ашты,
Бір адым жерге өзі бара алмайды,
Аяғы болса-дағы қозғалмасты.



Көп жерде кездеспейді осы шұбар,
Шұбарға мінген жанның бәрі құмар.
Жүк артып мінсе-дағы қанша оны,
Сонда да арықтамас ол жануар.



Болғанда беті гүлді, асты сырлы,
Жинаған арасына жүн-жүбірді.
Төрт бұрыш, тоқсан жолды торқасымақ ,
Халінше адамзатқа пайда қылды.



Пәндер