Жұмбақтар: Ыдыс-аяқтар


Кішкене ғана аран,
Асты толған боран.



Көз алмассың жүзінен,
Үй өткерер көзінен.



Өзі - жаңа,
Өзі - тесік.



Бір жансыз, өзі жаңа, дөп-дөңгелек,
Жұтатын қисабы жоқ тамақ керек,
Өзіне керек асын бере берсең,
Қылады ірлі-уақты екі бөлек.



Жаңа табақ түбі тесік,
Тақ-тақ етті,
Астынан керуен өтті.



Ішкен суын шұңқырға құяды.



Үйректің өзі тереңде,
Ақ құйрығы ернеуде.



Басы ұяда,
Құйрығы қияда.



Асқа бармайды,
Аспаздан қалмайды.



Сүбелі, бүйірі бар, қабырға жоқ,
Жүреді екі қолымен омыртқа жоқ,
Ал өзі өмір бойы жер баспайды,
Бақай, тірсек, тілерсек, тобық та жоқ.



Пәндер