Жұмбақтар: Киіз үй және оның жабдықтары


Ұқсайтын шеңберге
Қабырғасы жиылып, керіледі,
Жиһазы мол кең бөлме,
Төбесінен жұлдыздар көрінеді.



Көзі көп қабырға,
Білінбес жамауы.
Тұмсығын шатырға,
Тығады сабауы,
Байланар ақырға,
Бұйдалы танауы.



Аяғы жер тіреп,
Таяғы көк тіреп тұр.



Төбедегі көзінен,
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен,
Самал еркін еседі.



Жетпіс екі найзаны,
Біріктіріп ұстап тұр,
Ата-бабаның қай жаны,
Ие болса оған — ұшпақ бір.



Көрсең,
Алып тор жолды парақтай,
Жайсаң,
Қатарлап сызған жолақтай.



Қабырғасы тор көз,
Төбесінде зор көз.



Ортасы ашық,
Шомбал төрт қазық.
Тік тұрар күн ұзын,
Екеуі тым ұзын.
Бірі — оңда.
Бірі — солда.
Қатар жатқан таласа,
Екеуінің бойы аласа.
Бірі төбемде,
Бірі еденде,
Осы төрт қазықтың,
Ішіндегі жазықтың,
Үстін жапқан шап-шағын,
Ашсаң тақтай қақпағын,
Жол береді кісіге,
Кіресің үй ішіне.



Тұмсығын тесіп,
Жүннен бұйда есіп.
Қазыққа байладым.



Имек бүйір ұшының,
Бұйдасы бар.
Қырлы сүйір ұшының
Ұясы бар.



Пәндер