Жұмбақтар: Киіз үй және оның жабдықтары


Көзі көп қабырға, Білінбес жамауы. Тұмсығын шатырға, Тығады сабауы, Байланар ақырға, Бұйдалы танауы.



Аяғы жер тіреп, Таяғы көк тіреп тұр.



Ұшы екі айыр ақ таяқ. Сүйеніп тұр жатпай-ақ.



Түріліп тұрар бір басы, Бұрышсыз үйдің мұржасы.



Дәу шеңбер шатырлы, Төрт тамырлы, Ақ жаулық жамылды.



Қабырғаның кең төрі, Ажыратпай ұстап тұр, Жұмыр болат шеңбері.



Дөңгелек үйдің, Қара-шұбар жыланмен Белін будым.



Көк тіреп тұрған, Көп таяқты буған.



Даланың тайраңын, Қаз-қатар тұрғызып, Отыз жерден байладым.



Түбінен үзген, Қатарлатып тізген, Сүйрікті тұттым, Таза ауа жұттым.



Пәндер