Жұмбақтар: Аспан әлемi


Туған жердiң белбеуi,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуi,
Тасты тесiп, жарыпты.



Көрсең оның ағысын,
Таңғалтар таудың тағысын.
Бұрқап жатқан көк тасқын,
Үстiнен ырғыр жартастың,
Ырық бермес үйiрген
Толқыны асау шүйiлген.



Шөптi жапырып,
Құмды сапырып,
Қоқысты үйiрiп,
Әкеткен не шүйiрiп?



Жердi тырнап,
Бұтаны ырғап.
Шөптi сипап,
Ұшады зырлап,
Жанын қинап,
Ұлиды зарлап.



Бiр дүлей күш – қас пейiлдi.
Итередi кеудеңнен.
Алысайын десең,
Қолға түк те iлiктейдi.



Көрiнбейдi өзi,
Терезенi ұрады.
Айтатын жоқ сөзi,
Ысқырып тұрады,
Болмаса да аяқ-көзi,
Серуен де құрады.
Бұл не?



Шөмiшi жоқ,
Теңiздi сапырады.
Кебiсi жоқ,
Егiндi жапырады.



Қурап тұрған кеңiстiк,
Күн күйдiрер маңдайды.
Аптабы бар ең ыстық,
Кебiрсiтер таңдайды.



Өртесең де ерiмейдi,
Не тот басып шiрiмейдi,
Өн бойына су сiңбейдi,
Ылғал тартып, iрiмейдi.



Екi бөлiп жотаны,
Сұлап жатқан семсердей.
Тас қайрақтай табаны,
Жатады бiр теңселмей,
Құмырсқадай қаптап жай,
Машиналар мың қилы,
Тiзбектелiп тоқтамай,
Үстiменен сырғиды.



Пәндер