Жұмбақтар: Тұрмысқа қажетті бұйымдар мен жабдықтар


Күндіз-түні шатырдан,
Бір түспейтін қарауыл.
Кіндігі үйге тартылған,
Көрінеді бар ауыл.



Жай да үнсіз тұрады,
Біреу келсе тез жет деп,
Қоңырауын ұрады,
Дабыл қағып безектеп.



Тоққа тисе мұрты ұзын,
Табанымен жазық.
Киімдердің қыртысын,
Береді тез жазып.



Қос рельстің арасын,
Қоссам егер белдеулеп,
Биікке өрлеп барасың.



Төрт аяғы, арқасы бар,
Жалпақ жайлы ортасы бар.
Ең алдына кісіні алып,
Сынайды ылғи күшін анық.



Екі ұшына
Екі шелек іліп алды.
Қайқы таяқ
Иығыма мініп алды.



Күн нұрына қарық қып,
Үйді тұрар жарық қып.



Мөлдір мұз арқылы,
Нұр төгіп күн тұрар.
Кең бөлме әр күні,
Тазарып құлпырар.



Көз алдыңа жайнаған,
Түсі судан аумаған.
Тегіс перде керіледі,
Бірақ, бәрі көрінеді.



Сабы — таяқ,
Басы — қалақ.
Ұшын жүрер,
Жерге қадап.



Пәндер