Жұмбақтар: Мүбәрак Жаманбалинов


Өзінен аузы үлкен,
Аузынан да
Тістеген азығы үлкен.



Екі темір шананы
Кезек мініп барады.



Қуатым мол,
Бірақ жайбасармын.
Қорегім сол –
Май асайын.



Қамшыласаң, жүрмеймін,
Мініп алып тебінсең,
Кідіруді білмеймін.



Сапта тұрған солдаттар
Басын сыммен жалғатқан.



Қабырғада қиық тұр,
Жер жүзі оған сыйып тұр.



Құйрығы да үзілді,
Дауысы да бұзылды.



Көзін түртіп, көтерсең,
Тіл табысып кетесің.



Жатыр бәрі қатарда
Толтырып бір қораны.
Мылтықтарын атарда,
Басын бір-бір соғады.



Өмір бойы түренін
Өңгеріп ап жүреді.
Жерді жыртып күн ұзын
Түк сеппейді, қызығы.



Пәндер