Жұмбақтар: Ескен Елубаев


Төрт аты бар,
Төрт пілі бар.
Шайқас алаңын
Біліп ал.



Басып озып құсты,
Қанатын қақпай ұшты.



Үйімізде салбырап
Ақ алмұрт тұр албырап.



Құлағында – құлағым
Аузында – аузым.
Күнде естіп тұрамын
Жолдасымның даусын.



Қағып-қағып қаласың,
Қосасың,
Аласың.



Мұхитта ұзын бір
Фонтан жүзіп жүр.



Он-он бесі жиылды,
Бір белдікпен буылды.



Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарды күзге жеткенде.



Ол өсіп әуре,
Ел кесіп әуре.



Үй ішінде
Ауық-ауық
Тұрады бір
Жаңбыр жауып.



Жиырма төрт батыр,
Бір-бірін жеп жатыр.



Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан.



Күнімен, түнімен
Көшіп жүр үйімен.



Кездеспейді екеуі,
Көк аспанда мекені.



Пәндер