Жұмбақтар: Әбдікәрім Ахметов


Сырт еткіздім түймені,
Жарқ еткіздім бөлмені,
Шоқтан қолым күймеді.



Темір қайшы – қос қайшы,
Шығыршықсыз бос қайшы.
Еңбеккерге дос қайшы,
Еріншекке қас қайшы.
Өтпейді бір бос күні,
Ол? –



Темір жиек жылға бар,
Суы қызыл, қара да.
Оны ақындар жолға алар,
Мектепке алар бала да.
Оңай жұмбақ, таба алсақ...
Оның аты? –



Пәндер