Жұмбақтар: Егіс және өсімдіктер


Желiлерi жайылып,
Жол-жол болып жатады.
Күн нұрына бой ұрып,
Жердiң нәрiн татады,
Жасыл шатыр астында,
Кететiндей үзiлiп,
Тұр көп маржан тасындай,
Мойыл моншақ тiзiлiп.



Тiл үйiрген дәмi бар,
Сары алтын түс – сәнi бар.
Шақсаң егер кептiрiп,
Сүйегiнiң дәнi бар,
Баққа тұрар сән берiп,
Алқа етiп тiзiп ал.



Суық ұрса бүрлейдi,
Көктем шыға гүлдейдi.
Күнге басын иедi,
Мол шуақты сүйедi.
Күте бiлсең бабымен,
Өнiм берер қабымен,
Қызыл, сары түйiнi,
Витаминдер жиыны.



Табаны суды сүйедi,
Қабағы күнге күйедi.



Қызыл күрең түрi бар,
Тебiндеген бүрi бар.
Пiскен кезде қаулайды,
Алтыннан бiр аумайды,
Бал татыған нөрi бар,
Онда емнiң бәрi бар.



Iшi аумаған жүгерi,
Түрi-түсi алмадай,
Ойымның жоқ бүгерi,
Жесең бал деп қалмағай.



Шертсең көк жолақ сыртынан,
Пiссе үн шықпас ұртынан.
Шикi болса, сампылдап,
- Тиме; — дейдi таңқылдап.



Қарала қойымды,
Байлап ем,
Желiде жатып тойынды.



Тiгiп алып көк шатыр,
Қызылкүрең доп жатыр.



Доптар жатыр желiсi бар,
Қабат-қабат терiсi бар.



Пәндер