Жұмбақтар: Балықтар


Қауырсын мұрт шетінен, Жүзеді тек шалқалап. Шабақты су бетінен, Оңай ұстар қалқалап.



Қарасаң келбетіне Тұмсығы найзадай. Шығарып су бетіне, Қанатын жайса жай, Көрінер кемедей, Мұхитта телегей.



Тұмсығы — қайықтың күрегі, Аузымен шөп сүзіп жүреді.



Өзі алып кемедей, Дауылдан ықпайды. Су шашып, Телегей Мұхиттан шықпайды.



Басы доғал, Мұрты бар. Аузы апандай, Ұрты бар. Түрі китке ұқсайды.



Ілгегі бар дәу ұзын, Керіп ашса ауызын, Сәуле шашып тістері, Судың кезген тереңін, Шақырады қорегін. Қармақшы балық Тұрқы қысқа, күші мен? Қылығы бар орасан, Мықты сояу тісімен, Үлкенді де өзінен, Қылғи салар жанаса. Бірақ Жемі ішінен Көрінеді қараса.



Майшабақпен сайыспай, Үйіріп жүрер басқара. Тұлғасы ұқсас қайыстай Шұбатылған таспаға.



Қапталған сүйекті сауытпен, Қорықпас ешқандай қауіптен. Сойдиған тістері қашаудай, Қорегін асаудай-ақ асайды-ай.



Тұла бойы толы ине, Жауын көрсе ол неме, Едірейіп бүртігі, Бола қалар біртүрлі. Тұрған түсі көз көріп, Шыға келер өзгеріп. Қарнын үрлеп алады, Допқа ұқсай қалады.



Жалтыраған бауыры. Құдды көмір түтігі. Өзінің бар тәуірі, Сәуле шашар түтігі.



Пәндер