Жұмбақтар: Жануарлар


Тастай қатты бұл шапан,
Қалай жуып жұмсартам?



Тұмсығы дөңгелек,
Денесі он бөлек.



Жұмыр тасты төрт аяқ
Көтеріп тұр, көп таяп.



Доп пішіндес тасты
Бауырына басты



Секіреді –
Бала емес.
Сақалы бар –
Шал емес.



Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.



Өзінше ноян
Қорқақ кім?



Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.



Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.



Қаңғырамын үйім жоқ, Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім, Тамақтанар-нәсібім.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz