Ауызында әзілі жоқтың
Қолында қол шоқпары бар.




Тілге шешен,
Іске мешел.




Тілменен тікен алып болмас.




Ақындар қайда сөз сонда,
Сұлулар қайда наз сонда.




Мал басынан байланады,
Адам тілінен байланады.




Ақ сөз ащы болады,
Ғайбат сөз тәтті болады.




Күнде бір сөз есітпесең
Құлағың қалқандай болады.




Айтар нақылы жоқтың,
Табар ақылы жоқ.




Су сағасы — бұлақ,
Сөз сағасы — құлақ.




Татуға — тіл,
Сұлуға — сүт.




Ашынған тілді болады.




Ішімдегінің бәрі — тілімде,
Тілімдегінің бәрі — түрімде.




Жылы киім — тәнді жылытар,
Жылы сөз — жанды жылытар.




Шайқап сөйлесе,
Алды-артыңды байқап сөйле.




Көп ішінде сөйлеген,
Көсемдіктің белгісі.
Көпке сөзі ұнаған,
Шешендіктің белгісі.




Қысыр сөзде қырсықкөп.




Алмас қылыш майданда керек,
Асыл сөз майданда да керек,
Сайранда да керек.




Сөзіңді біреу сөйлесе,
Аузың қышып бара ма,




Әуелгі сөзің шын болса,
Соңғы сөзіңе жол болады.




Жыламасқа жылаған екі көзім,
Тыңдамасқа сөйлеген есіл сөзім.




Тауып сөйлесең — күміссің,
Таппай сөйлесең — мыссың.




Қарағым деген жылы сөз
Тон болып тәнді жылытпаса да,
Жанды жылытады.




Жаман сөз жанға кірген тікен.




Пышақ жетесінен сынады,
Сөз келтесінен тынады.




Әншейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.




Пәндер