Жерден жердің несі артық? —
бір-ақ уыс шөбі артық.
Ерден ердің несі артық? —
бір-ақ ауыз сөзі артық.
Жерден жердің несі кем? —
егін шықса, гүл өссе.
Ерден ердің несі кем? —
уәдесін уәде етсе.




Жерден табылса аспанға секірме.




Жерді алдаған аш қалар.




Жердің бақыты тайса су сайға құлайды.




Жердің жарлысына ердің сорлысы қонар.




Жердің көркі орман, тоғай, бұлағы,
Елдің көркі қала, қыстақ, тұрағы.




Жердің тілін білсең,
тілдей жерден жылдық өмір аларсың.
Елдің тілін білсең,
елге сыйлы болып жағарсың.




Жер екеш жер де ауырады.
Жер екеш жердің де құлағы бар.




Жер емген ел болады,
Жер қадірін білмеген елдің
өмірінде ырысы кем болады.




Жер жарасты көрінер өзенімен, көлімен,
Ел жарасты көрінер еңбегі жанған ерімен.




Жер көңді жақсы көреді,
Ат жемді жақсы көреді.




Жер — қазына, су — алтын.




Жер құнарын мал білер
(Қорқыт).




Жер құтты болса, мал сүтті болады.




Жерлі құланды терлі құлан аударады.




Жермен келген жермен кетеді,
Желмен келген желмен кетеді.




Жер ортасы Көктөбе,
жетем деп оған өктеме.




Жер тозса — тақыр,
Ер азса — пақыр.




Жер тоқ болса сен де тоқ.




Жер тұсауы түнде алынар.




Жер шайқалса төбеге қатер,
Ел шайқалса төреге қатер.




Жер шаршаса өнім бермес.




Жер ырыстың кіндігі,
Еңбек ырыстың қызығы,
Білім ырыстың тізгіні.




Жері жуалының сөзі дуалы.




Жерім малға жай,
Елім жанға жай.




Пәндер