Атты арбада көр,
Жігітті ордада көр.
Толығырық



Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық.
Толығырық



Бай болайын деген жігіт айырбасшыл келеді,
Адам болайын деген жігіт қарындасшыл келеді.
Толығырық



Барша жақсы — бір жаман,
Бәрі бидай — біз сабан
(Иасауи).
Толығырық



Бойдақ жігіт жұрт күйеуі.
Болатын жігіт епшіл,
Болмайтын жігіт кекшіл.
Толығырық



Болған кісі "болдым" демес,
"Болдым" десе болғаны емес.
Толығырық



Босаң жүрген жігітті бел үстінде бөрі алар.
Еркінсіген көкжалды ебін тапқан ер алар.
Толығырық



Бөрі аулайтын жігіт бөрігінен белгілі.
Жау алатын жігіт серігінен белгілі.
Балта соғар жігіт көрігінен белгілі.
Толығырық



Бір жігіт бар — құр жан,
Бір жігіт бар — тірі жан,
Бір жігіт бар — жігіт жан
(Шал ақын).
Толығырық



Ел мақтаған жігітті кыз жақтаған.
Толығырық



Емен ағаштың иілгені — сынғаны,
Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені.
Толығырық



Жаман болатын жігіт шегіншек келер,
Кедей болатын жігіт еріншек келер.
Толығырық



Жаңбыр жауса жерге сый,
Жігіт туса елге сый.
Толығырық



Жау жеңетін жігіт жарағынан танылады,
Дау жеңетін жігіт талабынан танылады.
Толығырық



Жібек мінезді жігіт жұртқа жағады,
Жылан мінезді жігіт жұртта қалады.
Толығырық



Жігіт арының құлы,
Жаман малының құлы.
Толығырық



Жігіт асыққаннан өлсін,
Қыз ынтыққаннан өлсін.
Толығырық



Жігіт болсаң батыр бол, жау жеңгендей жапырып.
Толығырық



Жігіт жақсысын "сұлтан" дейді,
Ит жақсысын "сырттан" дейді.
Толығырық



Жігіт жақсысы түрмеде,
Ат жақсысы көрмеде.
Толығырық



Жігіт жанған шоқ болсын,
шоқ болмаса — жоқ болсын.
Толығырық



Жігіт жауда өлер,
Шешен дауда өлер.
Толығырық



Жігіт жиғанын жемейді, бұйырғанын жейді.
Толығырық



Жігіт жолдасынан белгілі,
Сарбаз қолбасынан белгілі.
Толығырық



Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер.
Толығырық



Пәндер