Жігіт көзімен қыз алма.




Жігіт көркі — өнер.




Жігітте де жігіт бар азаматы бір бөлек.
Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек.




Жігітті бірде майданда сына, бірде бейғамда сына.




Жігітті көркінен таныма, сертінен таны.




Жігіттің бағы білмейді, жұмысының бабы біледі.




Жігіттің бір басы екеу болмай,
жиғаны жетеу болмайды.




Айнымас жүрек, ер көңіл ер жігіттің серігі.




Аққу құсқа оқ тисе қанатын суға тидірмес.
Ер жігітке оқ тисе қиналғанын біддірмес.




Ақ найзасы болмаса
ерді қайдан танырсың.
Ен, таңбасы болмаса
малды қайдан танырсың.




Ақсұңқар ұшар жем үшін,
Ер жігіт туар елі үшін.




Ақынды ер жемейді, екінші — жер жемейді.




Ер өтірік айтпайды,
ер өтірік айтса да ел өтірік айтпайды.




Ер өтірік айтпайды — жоқтық айтқызады.
Ер асылық айтпайды — тоқтық айтқызады.




Ер салмағын ел көтереді,
Ел салмағын жер көтереді.




Ер сасқаңда белгілі,
Ат шапқанда белгілі.




Ер сүрінбей ел танымас,
Ат сүрінбей жер танымас.




Ер сыйлаған есікте қалмас.




Ер сыйлаған жерде қадірлі.




Ер тағайына тартады.




Ер талабы өр мегзер.




Ер тамыры елде,
Ел тамыры жерде.




Ер тарықпай молықпас.




Ер-тоқымы жаман деп ерді мазақ қылмаңыз.
Еккен егін жаман деп жерді мазақ кылмаңыз.




Ер туған жеріне келер,
Ат тұрған жеріне келер.




Пәндер