Тіл ерді қабірге салады,
Нарды қазанға салады.
Толығырық



Тіл тікенді де алады.
Толығырық



Туған ел – тұғырың,
Туған тіл – қыдырың.
Толығырық



Ұлттың қуаты – тілінде.
Толығырық



Ұлттың өшуі тілдің өшуінен басталады.
Толығырық



Шешеннің тілі – шебердің бізі.
Толығырық



Шешеннің тілі ортақ,
Шебердің қолы ортақ.
Толығырық



Сөздің көркі – мақал,
Иектің көркі – сақал.
Толығырық



Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады,
Күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады.
Толығырық



Асыл сөзге өлім жоқ.
Толығырық



Көп сөз ұтпайды,
Дөп сөз ұтады.
Толығырық



Сөйлей-сөйлей шешен болар,
Көре-көре көсем болар.
Толығырық



Жалғыз сөйлеген жігіт шешен.
Толығырық



Сөз асылы – мақал.
Толығырық



Ақын тілі – наркескен.
Толығырық



Ақынның хаты өлмейді,
Жақсының аты өлмейді.
Толығырық



Шешеннің тілі – семсердің жүзі.
Толығырық



Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз руға тарайды
Толығырық



Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
Толығырық



Сөзге сөз келгенде сөйлемесе, атасы өледі.
Толығырық



Сөз жіп, созсаң кете береді.
Толығырық



Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді
Толығырық



Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.
Толығырық



Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Толығырық



Жақсы сөз жан сүйіндірер,
Жаман сөз жан күйіндірер.
Толығырық



Пәндер