Байлауы жоқ шешеннен,
Үндемеген есті артық.
Бәйгі алмаған жүйріктен,
Белі жуан бесті артық.
Толығырық



Жылы-жылы сөйлесе жылан да інінен шығады.
Толығырық



Арық айтып, семіз шық.
Толығырық



Адам аласынан сөз аласы жаман,
Оттың шаласына сөз таласы жаман.
Толығырық



Сөйлегенше – сөзіңе өзің қожа,
Сөйлеген соң - өзіңе сөзің қожа.
Толығырық



Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
Толығырық



Жақсы байқап сөйлейді,
Жаман шайқап сөйлейді.
Толығырық



Ат айналып иесін табар,
Сөз айналып жүйесін табар.
Толығырық



Жақсы адам ел ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.
Толығырық



Ауруда - шаншу жаман,
Сөзде - қаңқу жаман.
Толығырық



Артында баласы қалса, көзі қалды де,
Артында сөзі қалса, өзі қалды де.
Толығырық



Қылышынан қан тамған батырды,
Тілінен бал тамған ақын алады.
Толығырық



Дәлдеп атып жауды өлтір,
Дәлдеп айтып дауды өлтір.
Толығырық



Тілге шешен - іске мешел.
Толығырық



Жалғыздық құдайға жарасар,
Көпсөзділік құранға жарасар.
Толығырық



Көңілдегі құпияны -
Көзің айтып қояды,
Көп сөйлеген күпілдеп -
Сөзің айтып қояды.
Толығырық



Орынды айтылған сөз -
Орнына қағылған шеге сияқты.
Толығырық



Әзілде кек жоқ,
Өсекте шек жоқ.
Толығырық



Тілде тиек жоқ,
Ауызда жиек жоқ.
Толығырық



Қысыр сөзде қырсық көп.
Толығырық



Өсекшінің тілі қышып тұрады.
Толығырық



Ауызбен орақ орғанның белі ауырмайды.
Толығырық



Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық.
Толығырық



Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік.
Толығырық



Көп сөз - есекке жүк.
Толығырық



Пәндер