Айтулы достың малы бір,
кемедегінің жаны бір.
Толығырық



Алыстағы досыңа
ат берсең де жарасар —
үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа
хат берсең де жарасар —
ұмытса есіне алсын деп.
Толығырық



Ауыр сөз айтқан дос емес.
Толығырық



Босқа бергенше досқа бер.
Толығырық



Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады.
Толығырық



Дәмді болса - достық қымбат,
Мәнді болса - жастық қымбат.
Толығырық



Дос — ажарың, жолдас — базарың.
Толығырық



Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.
Толығырық



Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса
(Әбубәкір).
Толығырық



Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.
Толығырық



"Дос" деп сынамай сыр айтпа, достың да досы бар.
Толығырық



Дос досқа жалынса, достың көңілі алынады.
Толығырық



Дос досқа зиянкер емес, зиянкер болса дос емес.
Толығырық



Дос егіз, дұшпан сегіз.
Толығырық



Дос емес достың сөзін бөтен десе,
Достқтан бір өкпемен кетем десе
(Серәлі).
Толығырық



Дос емес досты сырттан жамандаса,
Кісі емес бір қатені жаба алмаса
(Ақмолда).
Толығырық



Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
Толығырық



Дос көбейсе дұшпан аяқ астында.
Толығырық



Дос көңіліңді суытып айтады,
Қасың ойыңды жылытып айтады.
Толығырық



Дос көтерер көңілді,
Мал көтерер өлімді.
Толығырық



Досқа ат берме,
ат берсең "жай жүр" деме.
Толығырық



Досқа ауырлығыңды салма,
Достан қарыз алма.
Толығырық



Досқа келсең босқа келме.
Толығырық



Дос құшағы — жаз.
Толығырық



Доспен дос болғанша шаттан,
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.
Толығырық



Пәндер