Жеріне қарай астығы.
Толығырық



Жеріне қарай егін ек,
Жолына қарай жегін жек.
Толығырық



Жеріне қарай жыланы,
Жасына қарай кұланы.
Толығырық



Жерінен айрылған жиде желге ұшар.
Толығырық



Жерінен ауғанға жеті жыл қоныс жоқ.
Толығырық



Жерінен кеткен елге киындық,
Үйірінен айрылған малға қиындық.
Толығырық



Жерін қорлаған жеріне сыймайды,
Елін қорлаған еліне сыймайды.
Толығырық



Жерінді баптай білсең — астықты қаптай білесің.
Толығырық



Жеріңе жақсылық қылғаның — тасты дей бер қырманың.
Толығырық



Жеріңнен аусаң жақсы атыңды тастап ау.
Толығырық



Жері семіздің малы семіз.
Толығырық



Жұрт жұтаса жұтық.
Толығырық



Келісті келбет ерде бар,
Қымбатты қазына жерде бар.
Толығырық



Көк шықпаған жер көтерем мал сияқты.
Толығырық



Көрмеген көлде білмеген кұстың даусы естіледі.
Толығырық



Қара жерге қар жауар, қарды көрген бір мұрат.
Қара жерден қар кетер, жерді көрген бір мұрат.
Толығырық



Кер құланның қадірін ойда-қырда қақ білер.
Толығырық



Қары бар жерде қаһар бар,
Кені бар жерде шаһар бар.
Толығырық



Қос қадірін жеккен біледі,
Жер қадірін еккен біледі.
Толығырық



Мекенінен безген құланның
кетеді басы сауғаға.
Жерінен безген ұланның
түседі басы саудаға.
Толығырық



Сүдігермен жүргеннің аты майрылар.
Толығырық



Сыр бойында малы бардың
Тәшкентте қарны тоқ.
Толығырық



Танымайтын жердің ой-шұқыры көп.
Толығырық



Тар жерде тамаша болма,
Кең жерге қорықшы болма.
Толығырық



Үңгір, үңгірде күңгір.
Толығырық



Пәндер