Біреуі – көрікті кісі,
Біреуі – бөрікті кісі.
Көрікті кісі зорықты,
Бөрікті кісі қорықты.



Бірқатар қада қада,
Қадаларды қатар-қатар қада.



Базардан алып келген ала боқжама,
Мен боқжамаламай кiм боқжамалайды,
Мен боқжамаламай кiм боқжамалайды.



Байтан тай таңдады,
Таңдаған тайы тайтаңдады.
Бұған кейіген Байтан тағы
Тайтаңдамайтын тай таңдады.



Байғыз – қай құс?
Байғыз – байғұс.
Ұшады жалғыз.



Бал аралар, бар аралар
Балалармен бірге бау аралар.
Бар балалар арамен ағаш аралар.



Бала бал арасын қуалады,
Бал арасы баланы қуалады.



Бала мысықты ана мысық,
Ана мысықты ала күшік.
Ала күшікті қара күшік,
Талаймын деп барады ұшып.



Балалар көп тентек,
Күшiмiз теп-тең деп
Күреспе тектен-тек.
Құлайсың көптен-көп,
Аяғың көктен кеп.



Баланы қанағаттандыра алмадыңдар —
Қалаға аттандыра алмадыңдар.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz