Баланың жаман баға алмағаны,
Мұғалім ағаның жаман болмағаны.



Баласы шашын жібітіп отыр,
Атасы насыбайын үгітіп отыр.
Апасы түбітін түте алмай,
Ұрысып отыр.



Балақты қырық түрік түріп-түріп,
Жүгірді қырық түрік
Тұрып-тұрып.



Балаңа
Алша
Алса
Болады?
Дорбаңа
Қанша
Алша
Салса
Толады?



Балтабай
Мал таба алмай жүр.
Баласы тал таба алмай жүр,
Ағасы бал таба алмай жүр,
Балтабай әлі мал таба алмай жүр.



Балық көп пе екен,
Халық көп пе екен?!
Халықтың ішінен кім
Балықты сөкті екен?



Бар, май шайқа,
Байқа, жай шайқа.



Барсакелмес - барсакелмейтін,
Келсе бармайтын жер емес.
Барып-келіп жүргендер де,
Барғысы келіп жүргендер де жоқ емес.



Барша шырша — жасыл шырша.
Жасыл шырша — асыл шырша.



Барған жері Омбы болды,
Омбы болғаны оңды болғаны.
Омбыға барғаны жөнді болды,
Омбыда жүріп әдемі тоңды болды.



Пәндер