Жағада жатыр ек,
Жақыпбек жақын кеп,
Жаңылды шақырып,
Жатыр деп
Жомартты нұсқады.



Жағаның оңы - оң болар,
Жаңаныңөңі - өңболар:
Оңды - оң де,
Өңді - өң де!



Жақсы атты әп-сәтте Асхаттар ақсатты,
Ақсатса жақсы атты, кім болар жақсы атты?!



Жақсы атты
Әп-сәтте Асқаттар
Ақсатты.
Ақсақты,
Тоқсақты
Жаза алмай бас қатты.
Ақсатса жақсы атты
Кім болар жақсы атты?!



Жақсы қайшы
Қайсы қайшы?



Жаңбыр жауып келедi қар аралас,
Бiр топ кемпiр келедi шал аралас.
Тауға қайың бiтедi тал аралас,
Бiр топ сиыр келедi тана аралас.



Жаңбырлы бұлт
Жайылды жалау боп.



Жегіп алып арбаға
Парманқұл пар-пар атты,
Аралады шартарапты,
Алатаудан арқар атты.



Жез түстес үзік-үзік,
Зер жіппен ақ үзікті
Өрнектеп жүзік тізіп,
Әдемі етіп ызыпты.



Жел сыбырлайды,
Жел сыбырлайды.
Жел сыбырласа –
Көл жыбырлайды.



Пәндер