Жел өтінде –
Көл бетінде көбік бар.
Желмен кеткен көбікте,
Қай бір ерік бар.



Жол азық алдық,
Мол азық алдық.
Қоржынымыз толы азық алдық,
Сайлаудың қоразын алдық.



Жол бар,
Жолда өр бар.
Өр бар,
Орға барма,
Өрге бар.



Жол жағалай бағаналар – ағалар,
Ағалар бағаналар жағалар,
Бағаналарға шамдар жағар.



Жолаушыны арбалы
Тонаушылар байлады.
Қырда жортқан көп аңшы
Тонаушыны байлады.
Жолы болған жолаушы
Қара жолмен заулады.
Тонаушылар байлаулы
Жаралы аңша аунады.



Жолға ол да жорға алады,
Жорға жолда зорға жорғалады.



Жомартта бар әліппе,
Жомарт жетік әріпке.



Жорғаң жорға-ақ екен,
Желіске шорқақ екен.
Шабыстан қорқады екен.



Жорғаң жорға-ақ екен,
Ордан қорқады екен,
Желiске шорқақ екен.



Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.
Зауза ұшады зыңылдап,
Зуылдайды зырылдап.
Зәулім дәу заңғарлар,
Зәру ме Зәмзамға.
Зарыққан аңғалдар,
Зақымсыз заулауға.



Пәндер