Көк көйлек, көк көйлек,
Тек өзіме дөп көйлек.



Көк сеңсеңнен көп сеңсең жоқ сен сенсең,
Соның бәрін жарар еді еңсерсең.



Көк тырна,
Көптырна.
Тыраулап тек,
Көп тұрма.



Көк шөп көрікті ме,
Көп шөп көрікті ме,
Көк кер көрікті ме,
Көк көл көбікті ме,
Көк бел келісті ме,
Көп тер жемісті ме?



Көкен көсіліп сөйледі,
Көшен оған қосылып сөйледі.
Көшен оған қосылып сөйлеген соң,
Көкен тосылып сөйледі.



Көктем жауын-шашынсыз болмас,
Жауын-шашынсыз болмас,
Жасынсыз болмас.



Көктемде көк көп көктей ме,
Күзде көк көп көктей ме?



Көктемде шөп өнер жер
Мал келер, мал ерер жер.



Көктемеде
Көк пе төбе?
Көк төбеде –
Көп бетеге,
Бетегеге
Көк жете ме?



Көлбай көлдей орамалмен сүртінді,
Көлбай көлдей орамалмен өткізді бір түнді.



Пәндер