Көп көкбеттенгенің нең,
Көп көкбеттенбегенің жөн.



Көп көкек,
Көкектеп,
Көктен келді.
Көкек кеп,
Көптеп кеп,
Көктем келді.



Көп тау қатпарлы тау,
Қапталды тау малды тау,
Қаппарлы тау талды тау.



Көп-көп көк жеп,
Келді көжек.



Көпбай көк атын айдап келеді,
Көк ат шөбін шайнап келеді.
Көк ат көк өзеннің бойын бойлап кедеді
Көпбай көк атын ойына ап келеді.



Көпке бекер өкпелеме,
Өкпе етпе,
Тектен - текке өкпелетпе.



Көпті көп,
Азды аз дейміз.
Қысты қыс,
Жазды жаз дейміз.



Көрмеген үш қыс
Көкеңді ұшқыш
Құшақтап қыс, құш,
Құш, қыс!



Көсе көсеге көсеу көрсетті,
Көсе көсеге неше көсеу көрсетті?
Көсенің көсеге көрсеткен
Көсеуі – бесеу.



Көш
Кеш келді.
Бес
Ешкі өлді.



Пәндер