Шешесі қыз іздеп барады,
Көкесі біз іздеп барады.
Ағасы тұз іздеп барады,
Баласы көшеде: «ыз...ыз...ыз!» деп барады.



Шеңгел! Шеңгел!
Шеңгелге енген де,
Шеңгелде сенделген де
Еріншек Ерден бе?



Ши тоқыдым шиеден,
Теңіз кештім түйемен,
Күйме жасап инеден,
Үй тұрғыздым түймеден.



Шошыттың үш құсты,
Шошынып үш құс ұшты.



Шоқ-шоқ гүл шоғыры,
Ақ нұрға шағылып,
Шыққа тұр шомылып.



Шуақтаған ботамды,
Шуға апарып шуладым.
Шудалаған шудасын,
Суға салдым,
Судан алдым,
Суға малдым.



Шыбыс дыбыс шығарды,
Шығысқа шыбыс ығысты,
Қасқыр шыбысқа қарай жылысты.



Шымдай шытырмыш,
Ол шытырмышты
Мен шым-шытырмыштамай
Кiм шым-шытырмыштайды?



Шымшық шымшықты шымшылады.
Шымшықтар
Тыныштықты тыншымады.



Шын айтты ма?
Сын айтты ма?
Шын айтса да,
Сын айтса да,
Шыны – сын,
Сыны – шын болсын!



Пәндер