Шұнақ құлақ лақ
Бұлаққа барды.
Бұлақ жағасындағы
Құраққа барды.



Шұғайбай
Шығайбайға:
– Су қайда, әй? – деді.
Шығайбай
Шұғайбайға:
– Шық, ойбай! – деді.



Шұңғыл, шұңқыр.
Шұңқыр, шұңғыл.



Шәйімнің шәй шайнегі мосыдан түспес,
Мосыдан түссе, ащы деп ішпес,
Ащы деп ішсе, ыссы деп ішпес.



Шәугімдегі шай қайнады ма?
«Шай қайнады!»– деп,
Шешем айқайлады ма?



Шөжелерім шөптесінде,
Шөптесін де шөп жесін бе,
Шөп жемесе, кет десін бе –
Аулағырақ беттесін де,
Құрт-құмырсқа ет жесін де.



Шөжем деп шешесі бәйік,
Шешем деп шөжесі бәйік.
Шешесі шөжем жесін дейді,
Шөжесі шешем жесін дейді.



Шөмеленбеген шөптi
Мен шөмелемей,
Кiм шөмелейдi.



Шөпті ішке үйгізші,
Күрішті де түйгізші.



Щётканы Сёма сатып алды.
Серёжа мен Лёва оны тартып алды.



Пәндер