Қабат-қабат үй салдық,
Үйлер толы күй сандық.
Күй сандықпен үй сәндi,
Күй сандыққа күй салдық.



Қаз маңғаз,
Маңғаз қаз.



Қазанда шұжық жүр,
Үш шұжық жүзіп жүр.
Шұжықшыл Жүсіп жүр,
Шұжықты сүзіп жүр.



Қазанға ас салмақшы еді,
Азанда ас қамдамақшы еді.
Бірақ, қазанға ас сала алмадым,
Азанда ас қамданылмады.



Қазықты тоқпақпен тоқпақтағанда
Тоқпақты тоқтатпай тоқпақта.



Қай тайлақ лақтай,
Қай лақ тайлақтай?



Қайрат қайрақ қайрап отыр,
Дайрақпен балта қайрап отыр.



Қайта, қайта жатталды,
Айта, айта жақ талды,
Айтқан еңбек ақталды,
Жатталған мәңгі сақталды.



Қаладан алғаным -
Алты - арба асқабақ
Алты - арба асқабаққа жеккенім -
Жеті - ала тарғыл баспақ,
Тайпақ мүйіз, ақ бөксе баспақ,
Ақ бөксе баспақ.



Қаладан алғаным,
Алты арба асқабақ.
Алты арба асқабаққа жеккенім
Алты ала тарғыл баспақ.
Ақ бөксе баспақ.



Пәндер