Жұмбақтар: Қатынас, жүріс-тұрыс


Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ: «Тоқта!» «Жүр!» – дейді.



Табанында жолы бар,
Төбесінде қолы бар.



Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді,
Ол не, ал, кім біледі?



Бір қырман ұп-ұзын қып қойдым шауып, Помощқа елдің көбін қойдым жауып, Аспанда бұрқырады,топан ұшты, Алмады жалғыз дәнді адам тауып.



Бір жолда екеуі жарысады, Бір-бірінен оза алмай алысады.



Бір заттың салмағы ауыр сансыз тонна, Ұстаған емес оны ешкім қолға. Пайдасы барлық заттан артығырақ, Сәнменен кере тартып жатар жолда.



Бір нәрсе өзі жансыз ырғытылып, Өзінің аяғы жоқ бір мақұлық. Жаз болса көк шалапты сапырады, Шөмішін бір шығарып, бір батырып.



Тап-тап,тап басқа, Табаны жалпақ көк қасқа, Үйірге салсаң кісінемес, Шөптің басын тістемес.



Ұзын терек, Саясы жоқ.



Ұзын-ұзын ұз келер, Ұзын бойлы қыз келер.



Пәндер