Жұмбақтар: Қатынас, жүріс-тұрыс


Ұзын-ұзын, ұзын жіп, Ұшы қайдан табылар?



Адамзаттың баласы, Менсіз кәсіп қылмас та, Басымды мен көтерсем, Аспан көкке жетермін.



Адам істеп шығарған бір жануар, Құрғақ жерде жаны жоқ,суда болар, Жаз болса күні-түні су ішінде, Бұл не еткен жануар табыңыздар.



Шапсаң жаңқасы жоқ, Жүрсең ізі жоқ, Кессең қаны жоқ.



Сойсаң қаны жоқ, Жеуге еті жоқ.



Екі басты белі бар, омыртқа жоқ, Сүбелік бүйрегі бар, қабыртқа жоқ. Жүргенде құс табаны жерге тимес, Бақай, тірсек, толарсақ, тобық та жоқ.



Бар екен екі басты бір мақұлық, Жүреді аяғы жоқ ырғатылып. Жаз болса сары қымыз сапырулы, Қасығын бір шығарып,бір батырып.



Тарыға торғай қонса сақпан біледі, Түлкіні түнде жорытқан қақпан біледі. Бір жұмбақ мен айтайын сіз тыңдаңыз, Ат құсап шалқасынан жатқан біледі.



Үсті тақтай, асты тақтай, Балалары ойнайды, Барып тоқтамай қоймайды.



Ербегей де сербегей, Иесіз үйге кірмегей, Атсыз сірә жүрмегей.



Пәндер