Жұмбақтар: Қол ісі


Сулап-сулап тұрғыздым,
Итеріп-итеріп кіргіздім.



Бастайды көп жыланды бір көк жылан,
Бір нәрсе жыландармен соғыс қылған,
Көк жылан бір нәрсеге көнек болып,
Тауысып барлығын да тыныш қылған.



Жансыз бір зат адамның айтқанын қылғызады,
Семсерін сермеп, найзаға тік тұрғызады,
Шағылысуы бар, баласы болмайды,
Күндіз шағылысады, түнде дем алады.



Сүйрей, сүйрей сүйреткімді жоғалттым.



Ін қазып тұмсығымен жып-жып еткен,
Арқаны жүреді артта қалмай ерткен.
Жыбырлап істегені тез өнеді,
Іс қалып алғыс алар талай көптен.



Екі басты жалмауыз,
Кейіп аузын ашады.
Алдына түскен нәрселер,
Өзінен-өзі қашады.



Бір әйеки құс екі қанатының,
Ұшында екі көзі бар,
Анжал-манжалды өзі алып жей алмайды.



Тіс деген жоқ, ерні өткір,
Қазықтаулы көмейі.
Қан шығармай өмірде бір,
Өлтіреді, жемейді.



Бар екен бір жансыз зат сиыр тұмсық,
Матаның күнде жейді басын қыршып,
Матаның жеген сайын басын қыршып,
Артынан түбіт тұрар қыл-қыбыршық.



Бір нәрсе өзі жансыз жоқ қой жаны,
Бір тарау ортасында байлағаны.
Өзі жансыз жандының себебімен,
Қалады жерге түсіп шайнағаны.



Пәндер