Жұмбақтар: Қол ісі


Бір нәрсе үш аяқты сүйір тұмсық,
Жейді екен бір жайынның басын қыршып.
Жесе де ол жайынның тояры жоқ,
Қарасаң ішін ашып шөп пен қылшық.



Қолымда бір құсым бар екі басты,
Аяғын басқан кезде нәрсе қашты.
Аузын аждаһадай ашқан кезде,
Өлектеп атып тастар ішкен асты.



Жарқылдаған қос қылыш,
Қолға тисе жоқ тыныш.



Сызылған жолға түседі,
Бойына шақ қып пішеді.



Екі темір бірігіп,
Кесіп, пішіп береді,
Екеуі бірге жүрмесе
Жоқ қой бізге керегі.



Бір шұқырда мың шұқыр.



Мылжа басты,
Мың көзді.



Адамға сонша пайдалы,
Басында сансыз көзі бар.



Бір атым бар өзі өте шабан,
Бірден артық мінбейді оны адам,
Қамшылап күні бойы тебінсем де
Япыр-ай жылжымайды төрт-бес қадам.



Қыл-қыбыр да жүн қыбыр,
Жұла берсе жарасар.
Екі мұртын қайырып,
Ұра берсе жарасар.



Пәндер