Жұмбақтар: Қол ісі


Шаршамас кемпір көрдім жалғыз аяқ, Аузына тістеп алған шиден таяқ, Жүрген сайын белбеуін қабаттайды, Беріпті әсемдікті аямай-ақ.



Жалғыз ғана көзі бар, Алтыннан белбеуі бар, Жыңғылдан таяғы бар.



Мұрның-мұрның, мұрынды, Мұрның неден жырылды? Аузы-басын түк басып, Сені неден жын ұрды?



Көрінген жол үстінде доғалай бас, Қолы жоқ, аяғы жоқ бұл қалай бас? Жағынан шапалақпен сипап ұрсаң, Атындай жолаушының жорғалай бас.



Бір әйеки құс екі қанатының, Ұшында екі көзі бар, Анжал-манжалды өзі алып жей алмайды.



Тіс деген жоқ, ерні өткір, Қазықтаулы көмейі. Қан шығармай өмірде бір, Өлтіреді, жемейді.



Бар екен бір жансыз зат сиыр тұмсық, Матаның күнде жейді басын қыршып, Матаның жеген сайын басын қыршып, Артынан түбіт тұрар қыл-қыбыршық.



Мылжа басты, Мың көзді.



Адамға сонша пайдалы, Басында сансыз көзі бар.



Бір атым бар өзі өте шабан, Бірден артық мінбейді оны адам, Қамшылап күні бойы тебінсем де Япыр-ай жылжымайды төрт-бес қадам.



Пәндер