Жұмбақтар: Қол ісі


Қыл-қыбыр да жүн қыбыр, Жұла берсе жарасар. Екі мұртын қайырып, Ұра берсе жарасар.



Қылмаң-қылмаң етеді, Қаға берсең жарасар. Екі жағын жапырып, Ұра берсең жарасар.



Жүріп келем, жүріп келем, Екі етекті қусырып ұрып келем.



Қосақтап серпе бердім, Соңынан жорта бердім.



Сөкі басын сөлкитіп соға берсең бітеді, Екі бұтын талтайтып ұра берсең бітеді.



Міне, шашым, аллаға, Бақан, қылыш, қолға ала, Қолымда қамшы орама Қылыш салдым тамақтан, Тамшы да жоқ қан аққан, Өлтіріп әбден болғанда Көргеннің бәрі жаратқан.



Жыңғыл тақтым жұртыңа, Жылпылдап бұтыңа, Әне-міне дегенше, Өте шықтым сыртыңа.



Өзен бойын өрледім, Су таба алмай шөлдедім, Оң қолымдағы найзаны, Олай-бұлай сермедім.



Ұзын-ұзын жолдар бар, Үйрек қонар көлдер бар. Ат үстінде шоқиып, Отыратын күндер бар.



Сиыр сойдым жұртыма, Сымпылдаттым бұтыма.



Пәндер