Жұмбақтар: Техника мен шеберхана құралдары


Жаһанда бір жолаушы аузын ашып,
Аяғын келе жатыр жылдам басып.
Жарқырап маңдайында екі көзі,
Қлезде жеткізеді жерге қашық.



Төрт аяқты ,екі көзді,
Өзі жансыз жүреді.
От пен майдан жемі бар,
Құрыш болат жүрегі.



Бір жануар домаланған екі көзді,
Адамның ықпалымен жүреді өзі.
Сияды ішіне оның төрт-бес кісі,
Жарқырап түнде жортса екі көзі.



Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында қаны жоқ.
Май жейді ,
Су ішеді.



Тау басында кібіт көрдім ,
Оны ашатын кілт көрдім.
Екі басты жүйрік-ті,
Ортасына мініп көрдім.



Жүйіткіген дәу үйінде,
Жүйрік деп ел сүйінді.
Тас жолда жұртты тасып жүр,
Жылдамдыққа басып жүр.



Төбесі сымға тимесе,
Ол ешқашан жүре алмас.
Өз иесі басқармаса ,
Оны ешкім бұра алмас.



Жоқ даусы,жоқ сөзі,
Жарқырайды көп көзі.
Жолыңды ашып тұрады,
Бұйрығын жұрт ұғады.



Бір үйде бір құс отыр мекен еткен,
Он жігіт кезек-кезек қызмет еткен.
Қолына қалам алмай хат жазады,
Келіп тұр түрлі әріп әрбір шеттен.



Шың ,етсе шыңқылдайды әлек-шәлек,
Жыбыр-жыбыр шимайы бөлек-бөлек.
Шырай беріп шимайы барлық жанға.
Несі барын білмеймін көз телміреді.



Пәндер