Жұмбақтар: Техника мен шеберхана құралдары


Кеудесі толған күш,
Табаны толған тіс.



Бір нәрсе ауырлығы алты батпан ,
Ызаланса ашуланып жерді қапқан.
Ұстасы адамзаттың соққан емес .
Бағалап сом темірге күміс жапқан.



Бір батыр тамақ берсең ,жұта берер.
Қшінде сүйектері бақша-бақша,
Уатып талқан қылып құя берер.



Сабан той бастап,
Салды бір әнді.
Сабанды тастап,
Сыпырды дәнді.



Бас салып талқандайды қырқып, кертіп,
Адамзат зыр жүгірер құрмет етіп,
Тамағын тойғыза алмас кешке дейін,
Барша адам жұмыс қылған, қызмет етіп.



Болғанда екі қанат, отыз қолы,
Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы,
Бар екен алақандай аралшығы,
Адамзат пайдаланып жүр ғой оны.



Бір нәрсе келе жатыр сондай епті,
Сайраған сақылдаған тісі көпті,
Жұтпайды, тістегенмен қайта құсар,
Мал, мақұлық сол құсықтан қорек етті.



Бір нәрсе қозғалады желіп, жортып,
Көзіне көрінгенді жейді жұтып,
Жұтқанын бір ұртынан түсіреді,
Адамзат пайдаланар керек етіп.



Өздігінен жүрмейді, жарыспайды,
Кісі мінсе жарыстан қалыспайды.
Аяғы екеу болғанмен ізі жалғыз,
Сағатта талай жерді қарыштайды.



Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты.



Пәндер