Жұмбақтар: Адам және оның дене мүшелері


Кішкентай бір мақұлық торы ала, Ағаштан атрапына соққан қала. Ішінде сол қаланың өмірі өтер, Сабыр қып сахараға шықпас жана, Жаралған өзі ғана артық болып, Болжайды әр нәрсені айтып шама.



Екі бала қатар тұрса да, Бірін-бірі көрмейді.



Ағайынды екеу болыпты, Екеуі тату жүріпті. Ортасында тау болып, Бірін бірі көрмепті, Екеуінің міндеті орындайтын бір бопты.



Бір "әліп” мұнарадай көзім көрген, Екі "мәт”, екі "сәкін” оған ерген. Болғанда "иа”ден камал, нұрдан гауһар, Болады кім данышпан мұны білген.



Бір таудың алпыс сегіз саласы бар, Он екі жанында қаласы бар. Бау-бақша түрлі өсімдіктер, Барлығын билеп тұрған анасы бар.



Ағады алпыс екі бұлақ бір қайнардан, Он екі бұлағы бар шыр айналған. Ісіне таң қаламын құдіреттің, Бәрі де бір нәрсеге ыңғайланған.



Бір қария жерде де емес, көкте де емес, Болғанда түбі терең, аузы кемеш. Ішіне ит түссе де арам емес.



Қос әйнек шыны да емес, темір де емес, Бұзылса оны адам түзер емес. Кезінде өзі ашылып, жабылады, Мағынасы қымбат нәрсе, арзан емес.



Әрі жүрер қараша ат, Бері жүрер қараша ат. Су бойында тұнық су, Таңдап ішер қараша ат.



Жар қабақта екі бастау, Жапсар тастың астында Жасыл ала құс жатыр.



Пәндер