Жұмбақтар: Адам және оның дене мүшелері


Көрші отырған көршілер Бірін бірі көрмейді. Қара түнек қос үңгір Діңгегі асу бермейді.



Қара суда суат жоқ, Қалың талда бұтақ жоқ.



Сырты қылшық, Іші былшық.



Ары жүгір қаратай, Бері жүгір қаратай. Тал түбіне барғанда, Тайып жығыл қаратай.



Таудан тары домалайды, Оны он екі қаз қуалайды.



Бір таудың екі күзетшісі, Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар.



Қабақта қара бурам шөгіп жатыр, Етектеп құмалағын төгіп жатыр.



Екі жар бірін бірі шамалаған, Тал шығып, жағасына сабалаған.



Алпыс кісі аяқтасты, Ертеменен таяқтасты.



Күндіз шайқасады, Түнде айқасады.



Пәндер