Жұмбақтар: Азық-түлік және тамақ түрлері мен сусындар


Асты тақтай, үсті тақтай, Арасында асыл мақтай.



Дастарханға түспейді, Қазанда піспейді , Дәмі аузынан кетпейді .



Ашылмайды қабағы, Әркімнің де тамағы. Ашуланса болады, Ұлпадай жұмсақ жабағы.



Алтын алдым жапырақ , Жатқан жері топырақ, Алтынменен аптаған, Күміспенен қаптаған.



Аппақ қардай, Дәмі балдай .



Қол ауызға берді , Ауыз жауызға берді , Жауыз ирек жол арқылы Барлығын қазынаға берді.



Дегенде емен екен, емен екен, Мен көрсем емен жолы төмен екен. Білімді ақын болсаң мен айтайын, "Құраннан” бір жас үлкен немене екен?



Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ. Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша.



Үсті тас,асты тас, Ортасында піскен ас.



Пешсіз піскен Ыдыссыз ішкен.



Пәндер